Су тасқынына қарсы жасалған іс-шараларды Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы Citi-дің қолдауымен жүргізіп жатыр

Алматы, Қазақстан, 21 қараша 2024 жыл – «Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. 

«Ситибанк Қазақстан» АҚ (Citigroup-пен еншілес) ағымдағы қажеттіліктерді бағалау негізінде Қазақстанның аса зардап шеккен аймақтарына көмек көрсету мақсатында қаражат бөлді. Ынтымақтастық аясында Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз тұратын қарттарға, толық емес жанұялардағы әрбір отбасы мүшесіне 45 000 теңгеден жәрдемақы берді.

Citi Батыс Қазақстан мен Атырау аймақтарында тұратын 1670 адамға қолдау көрсетті.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқармасының Төрайымы Сәуле Жақаеваның айтуынша, «Мұндай апаттан кейін қайта аяққа тұрып кету оңай емес, сол себептен Citi ұзақ мерзімді көмек көрсету жұмыстарына қолдау беруге міндеттенеді. Бұл үлес басқа компаниялардың күш-жігерімен қатар біздің отандастарымызды демеп, жарқын болашаққа үміттерін оятады деп сенемін».

«Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы көктемгі су тасқынының алғашқы күндерінен бастап зардап шеккендерді ең қажетті заттармен қамтамасыз етуге атсалысып жатыр.

Әсіресе баласы бар отбасыларға, жалғыз тұратын қарттарға, бір асыраушысы бар және мүмкіндігі шектеулі жанұяларға көмек көрсетуге көңіл бөлеміз.

Біз қазір апаттан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға да көңіл бөлеміз. Citi Қазақстанға әрекеттерді біріктіруге көмектескені үшін алғыс айтамыз. Тек бірігу арқылы ғана қиындықтарды жеңеміз!», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамының президенті Еркебек Арғымбаев.

БАҚ-қа арналған ақпарат:

«Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі

Біздің миссиямыз: ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне, саяси көзқарасына, тіліне, мүгедектігіне немесе әлеуметтік жағдайына, азаматтығына, жасына немесе басқа да осыған ұқсас себептерге байланысты кемсітушіліксіз және адамның қадір-қасиетін құрметтей отырып, адамның қайғы-қасіретінің алдын алу және жеңілдету.

Біз немен айналысамыз? Біздің ұйым апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайларды жою, халықтың денсаулығын сақтау, ерікті тегін қан тапсыру мәдениетін насихаттау, халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде босқындарды, мигранттарды және азаматтығы жоқ адамдарды қолдау, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру және волонтерлік қызметті дамыту секілді бағдарламаларының кең ауқымын жүзеге асырумен айналысады.

Сонымен, еріктілер – біздің негізгі қозғаушы күшіміз: бүкіл әлем бойынша 14 миллионға жуық еріктілер (волонтер), соның ішінде Қазақстанда да Қызыл Крест пен Қызыл Айдың гуманитарлық миссиясына қол жеткізуге баға жетпес үлес қосуда. Қосымша ақпарат:

www.redcrescent.kz

Байланыстағы тұлға: Андрей Колпаков, +7 701 318 99 57, andrey.kolpakov@redcrescent.kz

«Ситибанк Қазақстан» АҚ (Citigroup-пен еншілес) – Қазақстандағы банк саласының көшбасшыларының бірі. Citi Қазақстан Республикасы Үкіметінің, халықаралық компаниялар мен инвесторлардың, елдің ірі кәсіпорындарының негізгі серіктесі ретінде қызмет етеді.

Қосымша ақпарат: www.citigroup.com | X: @Citi | LinkedIn: www.linkedin.com/company/citi | YouTube: www.youtube.com/citi | Facebook: www.facebook.com/citi 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.247/81/30.

Байланыстағы тұлға: Меруерт Суханкулова, +7 727 332 1469, meruyert.sukhankulova@citi.com