- Тамыз 8, 2024
- Posted by: Red Crescent Society of Kazakhstan
- Category: Жаңалықтар
Қазақстанның Қызыл Ай қоғамы мен The Coca-Cola Foundation серіктесіп Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бірінші кезеңде эвакуациялық орындарда тұратын 704 адам көмек алды. Қазіргі уақытта халықтың осал топтарынан 1168 адамға, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмысы жоспарлануда.
Зардап шеккендерге берілетін гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, санитарлық-гигиеналық заттар мен төсек-орындар жинақтары қарастырылған. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан аймағы бойынша Қызыл Ай қоғамының филиалында гуманитарлық көмекті сатып алу және сақтау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Біз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесуді жалғастырамыз және серіктестерімізге баға жетпес қолдаулары үшін алғысымызды білдіреміз.