Қайырымдылық сәлемдемелер
Қазақстандық Қызыл Ай Қоғамы арқылы өз қалаңызда қайырымдылық жасаңыз

Жоба жайлы
«Қайырымдылық сәлемдемелер» жобасы арқылы біз қыйын жағдайға түскен мұқтаж жандарды, мүмкіндігі шектеулі жандармен аз қамтылған отбасыларды тұрмысқа қажетті заттармен,азық-түліктермен қамтамасыз етеміз.
Қайырымдылық сәлемдемесі – бұл жүрегінде иманы бар, қайырымды жандардың қыйыншылықпен өмір сүріп жатқан өзге отбасына көмек қолын созған сәлемдемесі. Бүгінгі бейбіт күннің өзінде де ең ауыр кезеңдерде бастан өткізіп, бір үзім нанға жете алмай отырғандарға бір уақытта жіберілетін көмек.
Жоба Алматы, Нұр-Султан, Семей, Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қалаларында жүзеге асады.
Кім қолдау алады?
Аз қамтылған көп балалы отбасылар,жалғызбасты зейнеткерлер мен жалғызбасты аналар.



Сіз қалай көмектесе аласыз?
Көрсетілген тізімдегі заттарды жыйнақтап өзіңіз тұратын жердін Қызыл Ай қоғамы бөлімшесіне тапсыра аласыз
Болмаса онлайн сәлемдеме арқылы жолдасаңыз болады
Біздің қызметкерлер тізім бойынша тауарларды арнайы қораптарға салып
Еріктілер сіздің жіберген сәлемдемеңізді мұқтаж отбасыларға тапсырады
«Қайырымдылық сәлемделер» құрамы
«Үлкен» сәлемдеме
Күнбағыс майы- 1 л.
Қант (шекер)-1 кг.
Шай -250 гр.
Күріш – 1кг.
Қарақұмық- 1 кг.
Макарондар – 1 кг.
Ұн – 2 кг.
Тіс пастасы – 1 дана
Тіс щеткасы – 1 дана
Иіс сабын – 1 дана
Кір сабын – 1 дана
Сусабын – 1 дана
Кір жуатын ұнтақ- 1 дана
Әжетхана қағазы – 1 орам
Әйелдердің гигеналық заттары – 1 орам
Бөбектерге арналған жөргектер -1 орам
Ересектерге арналған жөргектер -1 орам
Сәлемдемені онлайн жіберу
Сіздің қайырымдылық жасауға ниетіңіз болғанмен,бос уақытыңыз аз ба? Онда сіз қарбалас жұмысыңыздан,болмаса үйден шықпай -ақ жыл бойы онлайн түрде қайырымдылыққа деп садақа жібере аласыз. Ал біз,сіз жіберген садақаны жыйнап, сәлемдеме түрінде мұқтаж жандарға апарамыз.
Ерікті ретінде көмектесу

Осы науқан аясында бізге жыйналған заттарды реттеумен, мұқтаж жандарға сәлемдеме жеткізуге еріктілер қажет. Біздің еріктілердің қатарында болып, жақсылық жасауға ұмтылыңыз

«Жыл сайын Швейцарияның әлеуметтік жобалары арқылы жүздеген еріктілер заттарды реттеп, сәлемдеме жібереді. Біздің елімізде де осындай науқанның жүзеге асқаны көңіл қуантады».
Сана Жумабаева
«Мұндағы адамдар өте қамқор. Қолдан келген көмегін аямайды. Егер біреулер садақа берсе, сәлемдеме жасап әкеп береді. Менің жанұяма осындай қолдау өте қажет»

«Өткен айда бізге үш кішкентай баласымен жас ана келді. Біздің берген азық- түлігімізді алған ана «Балаларым бір тойып тамақ ішетін болды ау» деп жылап алды»

«Қайырымдылық сәлемдемесін жыйнаумен жақсылық жасау жайлы ойлағанның өзі қанаттандырады. Сыйлық жасау қашанда жақсы ғой, әсіресе сол сыйлықты шын қажет ететіндерге берген»

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Дана Бакиева
Әлеуметтік көмек департаментінің директоры
Телефон: +7 (727) 236 76 23 (ішкі 721)
Email: d.bakieva@redcrescent.kz