Қалың қар жауып, одан кейінгі күрт жылыну Ақтөбе облысында жойқын су тасқынына алып келді. Ең көп зардап шеккендер Қобда және Ойыл аудандарының ауылдары болды, онда 100-ден астам отбасы үйлерін уақытша тастап кетуге мәжбүр болды.

Өңірде ТЖ жарияланғаннан кейін Қызыл Ай командасы үйлерді бағалау және құжаттарды жинау жұмыстарын жүргізді. Атаулы қаржылық көмек алу тізіміне барлығы 449 адам енгізілді.

Зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін Болат Өтемұратов қоры 45 млн теңге бөлді.

Болат Өтемұратов Қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және ForteBank “көмек картасы” бірлескен жобасы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккен 14 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді. Өткен жылдың өзінде “көмек картасы” жобасы