Еріктілердің тарихтары

Айжанның тарихы

Менің атым Айжан, 34 жастамын. Қызыл Жарты Ай еріктісі болғаныма тура бір жыл.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеймін.

Карантин басталғалы қызметкерлерге азық-түлік қоржындарын жасауға және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына азық-түліктерді апаруға қолымнан келгенше көмектесуге тырысудамын. Еріктінің әдеттегі күні таңертең 9:00-де, ал кейде 11:00-де жиналудан басталады. Бәрі күн ішінде орындалатын әрекеттер жоспарына байланысты.

Қызметкерлер бізге тізімдер жасайды. Азық-түлік қоржындары дайын болса, аудандарға бөлініп, азық-түліктердің нақты мөлшерін алып, «маршрутқа» шығамыз. Бізге міндетті түрде нұсқаулар беріледі, тамақ пен су ұсынылады, себебі орындайтын жұмысымыз оңай емес. Жеткізу күні бойы созылуы мүмкін.

Барлық қиындықтарға қарамастан, бұл іске өз уақытымды жұмсауға дайынмын. Мені жасап жатқан ісіміздің пайда әкелетінін түсіну ынталандырады. Иә, азық-түлік қоржыны бір аптаға есептеп жасалады, ол белгілі бір отбасының осындай қиын жағдайға тап болу себебін жоя алмайды. Алайда, келесі жылы 95 жасқа толатын, жалғыз тұратын әже сияқты мұқтаж адамдарға осы азық-түлікті ұсынып, олардың күлімдегенін көрген және ақ батасын алған кезде бұл көмектің олар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Бұл оны адамдардың ұмытпағанын білдіреді. Бұл көмек – жақыныңа деген адамгершілік пен жанашырлық белгісі.

Мұндайда адамдар қиын кезде бірігіп, кез келген қиындықтарды жеңе алады деген сенімде боласың.

Жасұланның тарихы

Менің атым Жасұлан, 21 жастамын. Қызыл Жарты Айдың Астана қалалық филиалының еріктісі болғаныма бір жылдан асты. Сондай-ақ 2019 жылдың қазанынан бастап Назарбаев Университеті жанындағы Қызыл Жарты Ай клубының мүшесімін және қазіргі сәтте клубтың вице-президенті болып табыламын.
Коронавируспен күресу аясында азық-түлік пен шаруашылық керек-жарақтар салынған сәлемдемелерді қаптауға және оларды халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жеткізуге көмектесемін.
Әдетте, сәлемдемені мұқтаж адамдарға әкелген кезде қайғылы жағдайды көремін: ескі, құлайын деп жатқан үйлер, шашылып жатқан қоқыс, лас жол, нашар жарықтандыру. Бірақ осы солғын атмосферадан ерекшеленетін бір нәрсе бар. Ол – азық-түлік салынған сәлемдемені қарсы алатын адамдардың күлкісі мен бақытты көз жасы. Олардың көздерінен өздерін ұмытпаған басқа жандарға деген алғысты сезінесің.

Айдың, жылдың үздік еріктісі

Павлодар облыстық филиалының еріктісі Данна Серімбаева «Коронавирус инфекциямен күресуге ат салысу» номинациясы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің марапатына ие болды. 

Байланыс деректері

Әсел Қалмағамбетова

Еріктілермен және мүшелермен жұмыс жөніндегі ұлттық үйлестіруші

E-mail: a.kalmagambetova@redcrescent.kz

Тел.: +7 (717) 440189