Жер сілкінісіне дайындық жөніндегі тренинг

В 2019 году

0

Человек прошли обучение на платных тренингах по навыкам оказания первой помощи.

0

Человек прошли обучение на тренингах по базовым навыкам оказания первой помощи.

Жыл сайын әлемде 100 000-нан аса жер сілкінісі болады. Дүлей апаттардың арасынан жер сілкінісі зиян көлемі мен зардап шегушілер саны бойынша бірінші орынды алады.

Еліміздің аумағында 50-ден астам сейсмикалық белсенді зона бар екенін және сейсмогенді зоналар шегінде немесе оларға жақын орналасқан елді мекендер мен басқа объектілерге қатысты сейсмикалық әсер 9 және одан көп балға жетуі мүмкін екенін, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қиратушы жер сілкіну ықтималдығы болжанғанын ескерсек, жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі жүріс-тұрыс дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оған дайындалу негіздерін де білу өте маңызды. Сонымен қатар, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын қарқынды дайындау, ірі су қоймаларын салу және т.б. салдарынан жер қыртысының жоғарғы бөлігіне техногендік әсер ету нәтижесінде потенциалды жер сілкіну қаупі бар.

Нұсқаулар: Дабыл дорбасы және отбасылық төтенше жағдай жоспары

Сізге қызықты ма?

Тренингтен өтуге өтінім қалдырыңыз

Оқыту әдістері

Біздің жер сілкінісіне дайындық атты курсында, дүмпулер басталмас бұрын алдын ала қалай дұрыс дайындалу керектігін үйретеді. Төтенше жағдайда құтқарушылар келгенге дейін арнайы көмектесетін «дабыл дорбаны» қалай жинау керек қадамдары көрсетіледі. Төтенше жағдайдағы жеке тұлға карточкасын жасау үйретіледі. Сондай-ақ тренинг барысында нұсқаушылар кеңседегі және үйдегі қауіпсіз орындарды анықтау бойынша кеңес береді. Сонымен қатар дүмпілер болған кезде үй ішінде, көлікте немесе көшеде болсаңыз не істеу керек ережелері де болады. Курстың ішінде жер сілкінісінен кейін аяқ-қол жарақаты кезіндегі алғашқы көмек, жаралар мен «краш синдромы» (ұзақ мерзімді қысу синдромы) болған жағдайдағы алғашқы көмек те үйретіледі.

Байланыс деректері

Майра Есенова

+7 (727) 236 76 23

+7 (701) 703 79 97

maira.yessenova@redcrescent.kz