Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия мемлекеттерінің Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық қоғамдарының басшылары Мәскеуде гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды талқылау үшін кездесті. Кездесудің басты мақсаты-ұлттық қоғамдар арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтуды талқылау.

Іс-шараға Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдары федерациясының (ХҚКжҚАҚФ) және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) өкілдері қатысты.

Екі күн бойы ұлттық Қоғам басшылары әлемдегі гуманитарлық ахуал, гуманитарлық саладағы цифрландыру мәселелерін талқылады, Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салаларда тәжірибе алмасты.