Қызыл Ай қоғамы тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға арнап, қайырымдылық түскі ас таратуды ұйымдастарды.

Қазақстан Қызыл Ай Қоғамы – Халықаралық Қызыл крест және Қызыл ай қозғалысының бөлігі болып саналатын, еліміздегі ірі гуманитарлық ұйым және Қызыл Ай қоғамы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге рұқсат берілген қоғамдық ұйымдардың бірі. Төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету Қызыл Ай қоғамының басты бағыттарына жатады.  Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы ең ірі әрі беделді гуманитарлық, мемлекеттік емес, қоғамдық  ұйым болып табылады.

Сонымен қатар Қызыл Ай қоғамы әлеуметтік осал топтарды қорғау мақсатында да іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Күн сайын Қызыл ай қоғамына азаматтар келіп, қиын материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек сұрайды. Әсіресе, соның ішінде көпбалалы жалғыз басты аналар және өрттен зардап шеккен отбасылар жиі көмек сұрап, өтініш қалдырады.

          2023 жылдың 21 ақпаны күні Қызыл Ай қоғамы тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға арнап, қайырымдылық түскі ас таратуды ұйымдастарды. Бұл акция қоғам еріктілерінің бастамасымен өткізілуде. Олар үйсіз жүрген адамдардың проблемасына бей-жай қарай алмайтынын айтты, ал Қызыл Ай қоғамы бұл бастаманы қолдап, қайырымдылық акциясына қаржы бөлді. Қызыл Ай еріктілері панасыздардың қоғамымызда таралуына алаңдауда және осы мәселеге қоғамның назарын аудару керек деп санайды, панасыздарға әлеуметтік көмек қана емес, сонымен қатар, моральдық-психологиялық қолдау қажет.

WhatsApp Image 2023-02-21 at 14.46.47
WhatsApp Image 2023-02-21 at 14.40.59

Панасыз жандардың артында шын мәнінде күрделі әлеуметтік мәселелер тұр: жұмыссыздық, нашақорлық, маскүнемдік, өмірлік қиын жағдайларға тап болу, тағы басқа көптеген себептер. Қоғам әдетте үйсіз адамдардың осы жағдайға қалай түскенін, оның әлеуметтік, психологиялық тұстарына үңілмейді. Панасыздық проблемасы тек қана қоғамның ең төменгі сатысына түскен адамдардың өз жеке проблемасы деп қараймыз, ал шын мәнінде кез-келген адам өмірлік қиын жағдайдан шыға алмауы мүмкін, сол себептен жан-жағымыздағы адамдарға, жақындарымызға көңіл бөліп, күйзелісте жүрген адамға дер кезінде қол ұшын бере білу керек. Бұл қайырымдылық акциясының мақсаты – тек ыстық тамақ берумен шектелу емес, сондай-ақ қиын жағдайға түскен үйсіз, жұмыссыз адамдарды әлеуметтік-психологияқ реабилитациялау бойынша бағдарламаларға көңіл бөлу, салауатты өмір салтына оралуға септігін тигізетін әлеуметтік тапсырыстардың қажет екендігін жеткізу. Панасыздардың қандай себептермен қаңғыбасқа айналғанын, оның алдын алу бойынша жобалар жұмыс істеу керек. Панасыздардың әрқашан өмірді қайтадан бастауға құқығы бар деп санайды Қызыл Ай қоғамының мамандары мен еріктілері.