Әлеуметтік көмек – қорытындылар 2020

Елде covid-19 басталғаннан бері бүкіл ел бойынша 14 мыңнан астам отбасына азық-түлік және ваучерлік көмек көрсетілді. Қызыл Жарты Ай еріктілері халықтың осал топтарына азық-түлік себеттерін қалыптастыруды және жеткізуді қамтамасыз етті. Бұл санатқа жалғыз басты қарт азаматтар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жалғыз басты аналар/әкелер және көп балалы аз қамтылған отбасылар – өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар жатады.

Сондай-ақ, “жетім балалар” бағдарламасы бойынша (асыраушысының болмауы) БАӘ Қызыл Жарты айының қаржылық қолдауымен ағымдағы жылы 4016 бала жалпы сомасы 1 млрд (997,5 млн) теңгеге ақшалай көмек алды.

Біз бірге!