Осы аптада Қостанай облысында өрттен зардап шеккен 74 үй шаруашылығы Қызыл Айдан көмек алады. Отбасыларға көмек бей-жай қарамайтын азаматтардың, корпоративтік сектордың және Швейцарияның Қызыл Крестінің қайырымдылықтарының арқасында пошта арқылы беріледі.

Ақшалай көмектен басқа, ТЖ-ның алғашқы күндерінде Қазақстанның Қызыл Айы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдады және зардап шеккендерді уақытша орналастыру пункттеріне бірінші қажеттілік құралдарын, төсек-орын жабдықтарын, сондай-ақ таңу материалдарын берді. Эвакуацияланғандарға психоәлеуметтік қолдау көрсетілді, онда қарт азаматтарға ерекше назар аударылды.