Тікелей диалог

Қалаңыздағы адамдарға Қазақстанның Қызыл Айымен көмектесіңіз

Жоба жайлы

Тікелей диалог — біздің ақпарат өкілдері Алматы көшелері мен сауда орталықтарына шығып, тілек білдірушілердің барлығына Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының қызметі туралы әңгімелеп, банк картасынан ай сайын қайырымдылық жасауды рәсімдеу арқылы біздің тұрақты донорымыз болуды ұсынатын қайырымдылық бағдарламасы.

«Қазір мен ауырамын. Жүре алмаймын… отырамын, жатамын, болды… Қызыл Ай қоғамы маған 30 жыл бойы көмектесіп келеді. Кейде олар, кейде мен хабарласамын, әрдайым көмектеседі. Қазақстанның Қызыл Ай қоғамына рахмет. Баршаңызға денсаулық тілеймін. Сіздерге және ата-аналарыңызға» – Вера Николаевна өзінің жағдайы және Қазақстан Қызыл Ай қоғамының оның өмірінде атқаратын рөлі туралы.

Жыл сайын Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының қызметкерлері мен еріктілері шын мәнінде қиын жағдайға тап болған ондаған мың адамдарға көмек көрсетеді. Біз техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетеміз. Біз бейбіт уақытта алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретеміз, ерікті қан донорлығы мәдениетін дамытамыз және халықтың әлеуметтік осал топтарына: жалғызбасты зейнеткерлерге, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетеміз.

Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының бүкіл қызметі сіздердің қайырымдылық жасауларыңыздың арқасында жүзеге асып отыр. Кез келген сома маңызды, өйткені ол әрқашан біреудің болашағының маңызды бөлігіне айналады. Жақындай түсейік – бірлесіп көмектесейік!

2021 жылы Қазақстанның Қызыл Ай қоғамынан 82 689-дан астам адам әлеуметтік көмек алды. Сіздердің көмектеріңізбен біз мұқтаж жандарға көбірек көмектесе аламыз!

 

           1500тг

            жалғызбасты қарттың                       ыстық түскі асының құны

            4000тг

        тұрмысы төмен, көп балалы отбасына арналған тұрмыстық                            химия жинағы

           10000тг

        жалғызбасты ана мен оның сәбиіне арналған ең аз азық-түлік                              себеті

Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының ақпарат өкілдері ұйымның логотипі бар форма киіп, өз деректері мен сәйкестендіру кодтары жазылған бейдждерін алып жүреді.

Ақпарат өкілдерін кездестіруге болатын орындардың тізімі:

– METRO – Саин көшесі 16г 050000 Алматы

– Алматы қаласы мәдениет басқармасының “Алматы зоологиялық паркі” КМҚК – Есенберлин көшесі, 166 үй, Алматы қаласы, 050007

Қайырымдылық жасау мобильді телефон арқылы банк картасының көмегімен немесе ақпарат өкілінің планшеті арқылы арнайы сайтта рәсімделеді. Қайырымдылық жасау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпарат өкілдері қолма-қол ақша алмайды. Сіздердің барлық деректеріңіз толығымен қорғалған және басқа адамдардың қолына түспейді. Процестің қауіпсіздігі iRaiser төлем жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Сұрақтар бойынша хабарласыңыз:

Тлепова Карина

Қаражат жинау үйлестірушісі
Тел: +7(727) 236 76 23 (іш.720)
E-mail: F2F@redcrescent.kz