Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының еріктілері мен қызметкерлері күн сайын дағдарысты жағдайларға тап болған адамдармен жұмыс істейді. Сіздің қайырымдылық көмегіңіз төтенше жағдайдан зардап шеккендерге, табысы төмен, көп балалы отбасыларға, жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған аналарға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздің қолдауыңыз бізге адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретуге және еліміздегі ерікті өтеусіз қан донорларының санын арттыруға мүмкіндік береді, бұл бүкіл ел бойынша көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады.