23 ақпанда Қазақстанның барлық өңірлерінде ТЖД бойынша жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығулар өтті, оған Қазақстан Қызыл ай Қоғамы қатысты.
ТЖД мұндай жаттығулар тұрғындардың төтенше жағдайларда эвакуациялану бағыттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтауы, сонымен қатар “дабыл қобдишаларын” дайындауы үшін қажет екенін еске салды. Оқу сейсмикалық жаттығулар жақын арада жер сілкінісі болатынын білдірмейді.