Бүгінгі ұйымымыз

Біздің миссиямыз

Адами қасиеттерді құрметтей отырып, адамдарды олардың ұлты, нәсілі, жынысы, діни, саяси ұстанымдары, тілі, мүгедектік белгілері және әлеуметтік жағдайы, азаматтығы, жасы немесе осыған ұқсас кез келген себеп бойынша кемсітпестен, олардың азап шегуінің алдын алу және жеңілдету.

Қазақстанның Қызыл Айы – Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі гуманитарлық ұйым.

0

Еріктілер

0

Қызметкерлер

0

Филиал

0

Жыл тәжірибесі

Біздің қызметіміз?

Біздің ұйымымыз апаттар қаупін төмендету және ТЖ-ларға жауап қайтару, қоғамдық денсаулық, ерікті түрде өтеусіз негізде қан беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, соның ішінде босқындарға, мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолдау көрсету, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру және еріктілік қызметін дамыту бағдарламаларының кең спектрін жүзеге асырады. Мәселен, еріктілер – біздің ең басты қозғаушы күшіміз: Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 14 миллионға жуық ерікті Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Айдың гуманитарлық миссиясына қол жеткізуге бағасыз үлесін қосуда.

Covid-19 жағдайларында жұмыс істеу

  • халықтың әлсіз топтарына ең қажетті тауарларды жеткіземіз;
  • медициналық қызметтердің жұмыскерлеріне жеке қорғаныс құралдарын береміз;
  • коронавирус инфекциясының алдын алуға және қалыптасқан аңыздарды ашуға бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргіземіз;
  • босқындарға және бассауға іздеуші тұлғаларға қолдау көрсетеміз;
  • ерікті қан берушілерді бағыттау арқылы қан орталықтарына қолдау көрсетеміз;
  • бірінші толқын кезінде – медициналық жұмыскерлерге қолдау көрсеттік, нақтырақ айтқанда, телефон байланысы арқылы адамдардың үй карантинінде болуын бақыладық және созылмалы ауруларға шалдыққан адамдарға дәрі-дәрмектер жеткіздік, сондай-ақ медициналық қызметтердің жұмыскерлеріне су және сынақ жүргізу жинақтарын бердік.

Қосымша сұрақтар қою: