- Мамыр 15, 2024
- Posted by: Red Crescent Society of Kazakhstan
- Category: Жаңалықтар
2024 жылдың көктемінде біздің еліміз жойқын су тасқынына тап болды. 120 000-нан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Су тасқыны жүрген аудандар мен қалалардағы біздің филиалдарымыз зардап шеккен халыққа алғашқы күндерден бастап көмек көрсетіп келуде.
Сырттан ғана бақылап қалмай, демеу көрсете білген әр адамға біз алғысымызды білдіреміз. Қамқоршы адамдардың арқасында әлемнің әр бұрышынан жіберілген көмектен 37 000 000 теңге жинай алдық.
Біздің жұмысымыз әлі аяқталған жоқ, бізді келесі кезең – қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр. Әзірге біз сізге осы уақыт ішінде не істегенімізді баяндап берейік.
Қазақстанның Қызыл Айынан барлығы 26 000-нан астам адам көмек алды.
Біздің бергеніміз:
● 10 тоннадан астам киім мен аяқ киім
● 25 400-ден астам санитарлық-гигиеналық құралдар
● 19 тонна азық-түлік
● 34 000 литрден астам ауыз су
● 365 дана жылы көрпе, электр жылытқыштары және етіктер
● 4 260 төсек-орын жиынтығы (көрпе, жастық, төсек-орын жиынтығы және т. б.)
● 55 дана сап күрек
● 55 дана үшкір күрек
● 955 қап (қоқысқа арналған)
Бірнеше күн ішінде 850 адам ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, сонымен қатар Қызыл Айдың көмегімен басқа өңірлерден зардап шеккен аймақтарға 110 тонна гуманитарлық жүк жөнелтілді.
Қазіргі таңда көмегін аямай жүрген Қызыл Айдың 300 еріктілері белсенді түрде іс-шараларға қатысып келеді.
Біз қалпына келтіру кезеңінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін ресурстарды жинау жұмыстарын жалғастырудамыз.