- Мамыр 30, 2024
- Posted by: Red Crescent Society of Kazakhstan
- Category: Жаңалықтар
Ішу және тамақ әзірлеу үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз
Жемістер мен көкөністерді бөтелкедегі немесе қайнатылған сумен жақсылап жуыңыз
Су басқан жерлерде бұлақтардан, құдықтардан су ішпеңіз
Су тасқыны кезінде суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше азық-түлікті кеміргіштер мен су жетпейтін жерде сақтаңыз
Тамақ әзірлер және тамақтанар алдында, сондай-ақ дәретханадан кейін қолыңызды сабындап жуыңыз
Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен тазартыңыз
Тасқын суды кешу үшін арнайы киімдерді қолданыңыз (резеңке етік, резеңке қолғап және қауіпсіздік көзілдірігі)
Жануарлармен (және олардың мәйіттерімен) байланыстан аулақ болыңыз, оларды қолыңызбен ұстамаңыз
Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқасаңыз (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іштің өтуі, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлаңыз
Ақпарат көзі:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті