Еліміздің аумағында 50-ден астам сейсмикалық белсенді зона бар екенін және сейсмогенді зоналар шегінде немесе оларға жақын орналасқан елді мекендер мен басқа объектілерге қатысты сейсмикалық әсер 9 және одан көп балға жетуі мүмкін екенін, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қиратушы жер сілкіну ықтималдығы болжанғанын ескерсек, жер сілкінісіне дейінгі, жер сілкінісі кезіндегі және одан кейінгі жүріс-тұрыс дағдыларын меңгеріп қана қоймай, оған дайындалу негіздерін де білу өте маңызды. Сонымен қатар, мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын қарқынды дайындау, ірі су қоймаларын салу және т.б. салдарынан жер қыртысының жоғарғы бөлігіне техногендік әсер ету нәтижесінде потенциалды жер сілкіну қаупі бар.