- Сәуір 4, 2023
- Posted by: Red Crescent Society of Kazakhstan
- Category: Жаңалықтар
Ауа температурасының күрт көтерілуіне, қардың жаппай еруіне, сондай-ақ топырақтың қатуына байланысты Батыс Қазақстан облысының су айдындарында су деңгейінің көтерілуі орын алды.
Бағалау қорытындысы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бөлген жалпы сомасы 101 млн теңгеге 1017 адам көмек алады. Бұл көмек су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға мүлікті қалпына келтіруге, сондай-ақ басқа да қажетті тауарларды сатып алуға көмектеседі.
Болат Өтемұратов Қоры, Қазақстанның Қызыл Айы және ForteBank “көмек картасы” бірлескен жобасы 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан зардап шеккен 14 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді. Өткен жылдың өзінде “көмек картасы” жобасы аясында зардап шеккен отбасылар 500 млн теңгеге жуық қаражат алды.