«Жетім балаларға көмек» жобасы беті
Қазақстанның Қызыл Айы біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Айымен бірлесіп жетім балаларға көмек көрсетеді. Көмек әкесінен айырылған аз қамтылған әрі көп балалы отбасылардағы балаларға бағытталады.
БАӘ-нің Қызыл Жарты Айымен бірлесіп жетім балаларға көмек көрсету
Бірлескен жоба 2002 жылы басталды, сол жылы барлығы 50 бала көмек алған еді. Бұл сан жыл сайын өсіп, бүгінгі таңда біз 3000-нан астам баланы қамқорлыққа алудамыз. Әр балаға жылына 588 АҚШ доллары (айына 49 АҚШ доллары) мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Жәрдемақы бала кәмелетке толғанға дейін төленеді.
Жоба мақсаты
Әкесінен айырылған, аз қамтылған әрі көп балалы отбасылардағы жетім балаларды өз қамқорлығына алу. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Ай Қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің мына тұлғаларға бағытталған негізгі бағдарламасы бар:
- әкелері қайтыс болған толық емес отбасылардағы балалар;
- жақын туыстарының қамқорлығында қалған тұл жетімдер (ата-анасының екеуі де қайтыс болған)
Қаралмайтын жағдайлар
- баланың анасы қайтыс болса, ал әкесі тірі болса;
- әкесі тірі болса және баласын тастап кетсе;
- әкесі белгісіз болса немесе баланы өздері үшін туса;
- ата-анасы баланы тастап кетсе және оған туыстары қамқоршы болса;
- ережелерге сай келмейтін осыған ұқсас басқа жағдайлар.
Құжаттарды қарау сәтінде бала 10 жастан аспауы тиіс, себебі құжаттар өте ұзақ қаралады.
Егер отбасыдағы балалар саны 5-тен кем болса, тек ең кіші бала ғана қаралады.
Процесс қалай жүзеге асады:
Алдымен үміткер құжаттарды жинайды, біздің Алматы қаласындағы кеңсемізге жіберіледі.
Кеңседе оның құжаттары тексеріліп, комиссияның мақұлдауына жолданады.
Мақұлдағаннан кейін құжаттар БАӘ астанасы Абу-Дабидегі Орталық кеңсеге қарау үшін жіберіледі.
Ол жерде өтінімдер өте ұзақ (кемінде 1 жыл) қаралады, себебі әр жағдай жеке-жеке тексеріледі.
Біреуге жауап 1 жылдан кейін, біреуге 2, 3, 4, 5, 6 жылдан кейін келуі мүмкін.
Жауап келмеген жағдайлар да болды, мұндайда біз ештеңе істей алмаймыз (мұның ықтимал себептерінің бірі – демеушінің табылмауы). Себебі әр балаға жеке демеуші ізделеді.
Егер жауап келсе, біз өтінім берушіге қоңырау шалып, бұдан кейін не істеу керектігін түсіндіреміз, тиісті жұмыстар жүргіземіз. Құжатқа жауап бергеннен кейін ҒАНА көмек көрсетіледі.
Егер құжатқа оң жауап келсе, ереже бойынша бала бізден 18 жасқа толғанға дейін жарты жылда немесе жылына бір рет көмек алатын болады.
! Ескертпе: барлығы ДЕМЕУШІГЕ байланысты, ол көмекті кез келген уақытта тоқтатуға құқылы. Қайтадан құжат тапсыру мүмкін емес.
Құжаттарды ресімдеу үшін құжаттар тізбесі
Жәрдемақыны ресімдеуге арналған сауалнама
Байланыс деректері
БАӘ-нің Қызыл Ай Қоғамының Қазақстандағы өкілдігі
8 (727) 272-33-98
8-771-762-88-83