Өткен су тасқыны салдарынан Жетісу облысында тұрғын үйлерді су басу орын алды. Зардап шеккендерге бағалау және көмек көрсету үшін облыстық филиалдың қызметкерлері мен еріктілері дереу апат болған жерге барды.
Бағалау аяқталғаннан кейін үйлері тасқын су астында қалған 32 отбасына көмек көрсетілді. Зардап шеккендерді қолдау номиналы 100 мың теңге болатын банк карталарын беру арқылы жүзеге асырылды.
Сіздің қолдауыңыз бен қайырымдылықтарыңыздың арқасында біз әртүрлі қиындықтарға жауап бере аламыз және оған мұқтаж адамдарға қолымыздан келгенше көмек көрсете аламыз.