Серіктес болу

Қазақстанның Қызыл Жарты Айымен серіктестік

Корпоративтік сектормен бірлескен жұмыс

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік көптен бері заманауи бизнестің ажырамас бөлігіне айналған. Қазақстанның Қызыл Жарты Айы қоғамға көмек көрсетуге талпынған компанияларды жан-жақты қолдайды. Қызыл Жарты Ай ұйымымен серіктестік өзіңіздің CSR стратегияларыңызды іске асыруға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосады.

Қазақстанның Қызыл Жарты Айы сізге корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік тәжірибелерді қолдануға көмектесе алады. Біздің Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының денсаулық сақтау саласында көмек көрсету, адамдарға төтенше жағдайларда көмек қол ұшын созу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау бойынша 150 жылдан астам тәжірибеміз бар.

Біз ең ірі қазақстандық және халықаралық компаниялармен жұмыс істейміз және толық ашықтыққа кепілдік береміз.

Ресми серіктестік Қазақстанның Қызыл Жарты Айымен жасалатын серіктестіктің кең нысаны болып табылады. Ресми серіктес ретінде, нақты гуманитарлық жобалар мен іс-шаралардан бөлек, сіз Қызыл Жарты Ай ұйымының жалпы жұмысына қолдау көрсетесіз. Өз кезегінде, өз маркетингтік коммуникацияларыңызды біздің бірлескен жобаларымызға тікелей біріктіруге мүмкіндік аласыз.

Жоба серіктесі: мақсатты көмек
Жобаның серіктесі ретінде сіз Қазақстанның Қызыл Жарты Айының гуманитарлық жобаларына қаржылай қолдау көрсетесіз. Біздің қазіргі жобаларымызға қолдау көрсете аласыз немесе біз сіздің пайымдауыңыз бен даму стратегияңызға сай келетін жаңа жобаны әзірлей аламыз.
Сілтеме бойынша толығырақ ақпарат алыңыз (бұл жерде ПДФ құжатына сілтеме болады немесе жайылмалы терезе шығуы мүмкін)

Ко-брендинг: сатуға тәуелді қайырымдылық
Жарнамалық серіктес ретінде, сіз Қазақстанның Қызыл Жарты Айымен бірге сату көлемін ілгері жылжытуға бағытталған, уақыт бойынша шектелген акцияларды өткізесіз. Бұл ретте, Қызыл Жарты Ай сатылған тауар үшін белгілі бір пайыз/тиянақталған сома алады.
Сілтеме бойынша толығырақ ақпарат алыңыз (бұл жерде ПДФ құжатына сілтеме болады немесе жайылмалы терезе шығуы мүмкін)

Қызметкерлердің қатысуы:
Серіктестік нысанына қарамастан, компания қызметкерлері қайырымдылық жасау немесе ерікті болу арқылы Қазақстанның Қызыл Жарты Айының қызметін қолдай алады.

Event-демеушілік:
Іс-шаралардың демеушісі ретінде сіз қайырымдылық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстанның Қызыл Жарты Айына қаржылай, тауар немесе қызметтер түрінде көмек бересіз.

Байланыс деректері

Карина Тлепова

Корпоративтік серіктестік

E-mail: k.tlepova@redcrescent.kz

Тел: +7 (727) 236 76 23 (ішкі 720)