- Қазан 22, 2024
- Posted by: Andrey Kolpakov
- Category: Жаңалықтар
10 қазанда Бишкекте Ұлттық Қызыл Ай қоғамдарының түркі тілдес мемлекеттердегі ұйым мүшелерінің арасында желі құру жөніндегі өзара түсіністік құру меморандумына қол қою рәсімі өткізілді.
«Түркі Қызыл Желісі»-нің құрамына: Әзірбайжан Қызыл Ай Қоғамы, Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы, Қырғызстан Қызыл Ай Қоғамы, Түрік Қызыл Ай Қоғамы және Өзбекстан Қызыл Ай Қоғамы кірді.
Жоғарыда аталған Ұлттық Қоғамдар Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Қозғалысының Қағидаттарына, Тәртіптемесіне және Ережелеріне сәйкес бүкіл әлем бойынша гуманитарлық қажеттіліктерге жауап беретін Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамдары Федерациясының (ҚКЖҚАХФ) мүшелері болып табылады.
«Түркі Қызыл Желісі» дегеніміз түркі мемлекеттері ұйымына мүше болып кіретін мемлекеттердегі Ұлттық Қоғамдардың бетпе-бет кездесетін гуманитарлық мәселелерін шешуге ұмтылған ұжымдық ынтымақтастықтың және халықтың ең осал топтарының қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын Ұлттық қоғамдардың жұмысын қолдауға арналған бірегей мүмкіндік болып табылады.