- Сәуір 29, 2024
- Posted by: Red Crescent Society of Kazakhstan
- Category: Жаңалықтар
Үйлерін су басқан мыңдаған қазақстандықтар әлі күнге дейін эвакуациялық пункттерде қалып отыр. Көпшілігі табиғат апатынан қашқан кезде тек құжаттарын ғана алып үлгерді және оларға аусымдық киім-кешек пен гигиеналық заттар керек.
«Шеврон» компаниясы біздің еліміздің алаңдаушылық білдірген басқа да азаматтары сияқты қиын жағдайдан тыс қала алмады. Компания су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмекке 3 млн. АҚШ долларын бөлді. 2 млн. АҚШ доллары өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін санитарлық-гигиеналық және азық-түлік жиындарын – жедел гуманитарлық көмекті сатып алуға жұмсалатын болады. Көмек бірінші кезекте көп балалы отбасыларға және бір ата-анасы бар отбасыларға, мүгедек жандарға және жалғыз басты зейнеткерлерге көрсетілетін болады. Қалған сома қажеттіліктерді бағалағаннан кейін қалпына келтіру мұқаждықтарына бағытталатын болады.
Көмекті сатып алумен және бөлумен кең филиалдық желісі мен табиғи және техногендік төтенше жағдайларға ден қоюда мол тәжірибесі бар Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы айналысады. Қазіргі уақытта Қоғамның қызметкерлері мен еріктілері табиғат апаты орын алған жерлерде бағалау және зардап шеккендердің құжаттарын жинауды жүргізуде, сондай-ақ, зардап шеккендерге көмекті жақын күндері жеткізу үшін гуманитарлық себепттерді дайындауда.