Қазір Қазақстанның Қызыл Айы The Coca-Cola Foundation қорымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысында зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Бірінші кезеңде эвакуациялау пункттерінде орналасқан 210 отбасы көмек алуда. Бұл 704 адам, оның ішінде 133 бала бар.

Зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық жинақтардан тұрады. Алда Қазақстанның Қызыл Айы халықтың осал топтары қатарындағы 800-ге жуық адамға, оның ішінде көп балалы және толық емес отбасыларға, жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге көмек көрсетуді жалғастырады.