Қазір көмек көрсетіңіз
Тұрақты қайырымдылық жасау төтенше жағдайларда жедел және тиімді әрекет етуге және бүкіл Қазақстан бойынша қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамының қызметкерлері еріктілері мен еріктілері күн сайын дағдарысты жағдайларға тап болған адамдармен жұмыс істейді. Сіздердің жасаған қайырымдылықтарыңыз төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, балаларын өздері тәрбиелеп отырған аналарға және жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сіздердің қолдауларыңыз адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретуімізге және елімізде ақысыз қан тапсыратын донорлардың санын көбейтуге мүмкіндік береді, бұл бүкіл ел бойынша көптеген адамдардың өмірлерін сақтап қалады.
2000 теңге
зейнеткерге арналған азық-түлік себеті
4000 теңге
апаттардан зардап шеккендерге арналған жедел гуманитарлық көмек жинағы
8000 теңге
әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан бір баланы бір ай бойы ыстық түскі аспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Біздің жобалар
Біз кез келген көмекті қуана қабылдаймыз, бірақ ай сайынғы қайырымдылық жасауға жазылу біздің өз жұмысымызды жақсырақ жоспарлауымызға, ал қамқорлығымыздағы адамдардың болашаққа сенімділікпен қарауларына мүмкіндік береді.
Көмектесудің басқа тәсілдері
Сіздер өз қалаларыңыздағы Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамының офисінен қайырымдылық купонын сатып алу арқылы қайырымдылық жасай аласыздар.
Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы купондарының дизайнымен мұқият танысып алыңыздар. Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамы тек төрт номиналда – 200 теңге, 500 теңге, 2000 теңге және 5000 теңге номиналдарында купондарды шығарады. Тиісті үлгідегі купонды сатып ала отырып, сіздер бүкіл қаражаттың Қызыл Ай Қоғамының қызметін қолдауға жұмсалатынына сенімді бола аласыздар.
Егер сіздерге әлдекім Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамының атынан басқа номиналдағы купонды немесе суретте көрсетілгеннен сырттай өзгешеленетін купонды сатып алуды ұсынса, олардың алаяқтар екендігін біліңіздер.
Біздің купондарымыз мынадай:
Сонымен қатар, сіздер ақша қаражатын тікелей Қазақстанның Қызыл Ай Қоғамының шотына аудара аласыздар.