Coca-Cola компаниясы тасқын судан зардап шеккендерді қолдау мақсатында 100 миллионнан астам теңге бөлді. Бұл соманың басым бөлігін «Coca-Cola» халықаралық қайырымдылық қоры ұсынған. Қаражат зардап шеккен адамдар үшін төсек керек-жарақтарын, азық-түлік және гигиеналық жиындарды сатып алуға жұмсалады.
Сондай-ақ, компания соңғы ай ішінде апатқа ұшыраған барлық өңірлердегі эвакуациялық орталықтарына 45 мың литрден астам су және басқа да сусындарды ұсынды.