Халықаралық гуманитарлық құқық туралы білімді тарату
Ұлттық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай қоғамдары әрдайым өз мемлекеттерінің қолдауымен әрекет етеді. Мұндай қолдау аясына Женева конвенциясы мен бірқатар өзге халықаралық-құқықтық актілерде қамтылған Халықаралық гуманитарлық құқық (ХГҚ) туралы білімді таратумен айналысатын Ұлттық Қоғамдардың қызметі де кіреді. Осындай қызметті Қазақстанның Қызыл Жарты Айы да жүзеге асырады. Оның мақсаты оқыту сипатындағы және ақпараттық сессияларды, атап айтқанда, семинарларды, лекцияларды, тренингтерді, оқуларды, жазғы білім беру лагерлерін және т.б. өткізуге, сондай-ақ білімді тарату бойынша жаңа құралдарды дайындауға негізделеді.
Тап осы себепті Қазақстанның Қызыл Жарты Айы халықтың әртүрлі топтарына арналған оқыту материалдарын тұрақты түрде дайындап, шығарып отырады, мұнда гуманитарлық құқық қызықты, оңай әрі түсінікті тілмен жеткізіледі.
Бізде онлайн режимде халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі курстардан өте аласыз.