ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ

  1. Жалпы ережелер:

1.1. Дербес деректерді жинау және өңдеу туралы келісім (Бұдан әрі – «Келісім») дербес деректері «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ-ға (бұдан әрі – «Ақпаратты пайдаланушы») келіп түсетін жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.

1.2. Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленді.

1.3. Келісім жалпыға қолжетімді құжат болып табылады.

  1. Ақпаратты пайдаланушы туралы мәліметтер

2.1. Ақпаратты пайдаланушы – «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ, БСН: 961240004229.

2.2. Ақпаратты пайдаланушының заңды және нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, пошталық индексі: 050010, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 86.

  1. Дербес деректерді өңдеу туралы мәліметтер

3.1. Ақпаратты пайдаланушы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, оның ішінде Дербес деректердің иелеріне (бұдан әрі – «Клиент») қызмет көрсету және ақпаратты беру үшін дербес деректерді заңды және әділ негізде өңдейді.

3.2. Ақпаратты пайдаланушы дербес деректерді тікелей Клиенттерден және/немесе кез келген үшінші тұлғалардан алады.

3.3. Ақпаратты пайдаланушы дербес деректерді автоматтандырылған және автоматтандырылмаған тәсілдермен, есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып және осындай құралдарды пайдаланбай өңдейді.

3.4. Клиент Ақпаратты пайдаланушымен Клиенттің (ол туралы) дербес деректеріне қатысты алуды, жинауды, жазуды, өңдеуді, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, жоюды, өзгертуді, нақтылауды, иесіздендіруді, бұғаттауды, алуды, пайдалануды, таратуды, үшінші тұлғаларға беруді, трансшекаралық беруді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келіседі.

3.5. Қажет болған жағдайда осы Келісімнің 4-бабының 4.2-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Клиент өзінің (ол туралы) дербес деректерін (құпиялылықты сақтау және алынған дербес деректерді қорғау шарттарында) үшінші тұлғаларға (халықаралық және шетелдік тұлғаларды/ұйымдарды қоса алғанда) беруге, көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғаларды қызмет көрсетуге тартуға және осындай тұлғаларға Клиент туралы ақпаратты қамтитын тиісті құжаттарды ұсынуға келіседі. Клиенттің мұндай келісімі осы Клиенттің жоғарыда аталған үшінші тұлғаларға берген келісімі болып саналады және мұндай үшінші тұлғалардың осы Келісімнің негізінде Клиенттің дербес деректерін өңдеуге құқығы бар.

  1. Клиенттердің дербес деректерін өңдеу

4.1. Ақпаратты пайдаланушы Клиенттің дербес деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онымен құқықтық қатынастар шеңберінде өңдейді.

4.2. Ақпаратты пайдаланушы Клиенттердің дербес деректерін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтай отырып, келесі мақсаттарда өңдейді, мыналардықоса, бірақ онымен шектелмейді:

4.2.1. Клиенттерден, оның ішінде Ақпаратты пайдаланушымен байланысты халықаралық және шетелдік тұлғаларды/ұйымдарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардан қызметтер мен көмек алу үшін тізімге Клиентті (оның (ол туралы) дербес деректерін) енгізу үшін кез келген өтініштер мен өтінімдерді қабылдау және өңдеу;

4.2.2. Жергілікті, шетелдік және халықаралық донорлық және әріптестік ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар үшін жасалған жұмыс, өткізілген науқандар, кездесулер мен акциялар, көрсетілген көмек, қызметтер және Клиенттің қатысуымен жүргізілетін басқа да қызмет түрлерін орындау туралы есептерді қалыптастыру;

4.2.3. жаңа жобалар, науқандар мен қызметтер, көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру;

4.2.4. хабарламаны/электрондық чекті электрондық нысанда жіберу;

4.2.5. ақпараттық тарату;

4.2.6. жеке деректерді үшінші тұлғаларға трансшекаралық беруді қамтитын құралдар мен технологияларды (мысалы, Sales Force, iRaiser, Cloud Payments) пайдалана отырып (осындай үшінші тұлғалардың құпиялылықты қамтамасыз ету және алынған жеке деректерді қорғау бойынша міндеттемелерді қабылдау шарттарымен) қайырмалдықтар қабылдау;

4.2.7. жұмылдыруды, оқытуды, көтермелеуді, мүмкіндігінше сақтандыруды қоса алғанда, оның ішінде ақпаратты пайдаланушының серіктестері болып табылатын халықаралық ұйымдар арқылы Клиенттің волонтерлік қызметін ұйымдастыру;

4.2.8. Ақпаратты пайдаланушының мүшелерімен жұмыс істеу, оның ішінде мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату, мүшелік жарналарды қабылдау, мүшелердің дерекқорын құру және Ақпаратты пайдаланушының жарғылық құжаттарына сәйкес мүшелермен өзара іс-қимылдың басқа да түрлері.    

4.3. Ақпаратты пайдаланушы Клиенттердің дербес деректерін осы Келісімге қосылу туралы келісімге қағаз тасығышта қол қою және/немесе https://redcrescent.kz  сайтында (бұдан әрі – «Сайт») және Сайтта орналастырылған веб парақшаларда нақты іс-әрекеттер жасау жолымен, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, таратылымға жазылумен, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес келісім туралы белгі қою арқылы Клиенттер және/немесе олардың заңды өкілдері беретін олардың келісімімен өңдейді.

4.4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Ақпаратты пайдаланушы Клиенттердің дербес деректерін дербес деректерді өңдеу мақсаттары талап еткеннен артық өңдемейді.

4.5. Ақпаратты пайдаланушы Клиенттердің келесі жеке деректерін өңдей алады:

4.5.1. тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

4.5.2. туған күні;

4.5.3. жынысы;

4.5.4. жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

4.5.5. байланыс телефонының нөмірі;

4.5.6. электрондық пошта мекенжайы;

4.5.7. пошталық мекенжайы, нақты тұратын мекенжайы;

4.5.8. банк деректемелері;

4.5.9. азаматтығы;

4.5.10. отбасы жағдайы, отбасы құрамы және мүшелері туралы мәліметтер;

4.5.11. білімі, жұмыс тәжірибесі, еңбек өтілі, тілдерді білуі, арнайы кәсіби дағдылары туралы мәліметтер;

4.5.12. мүгедектіктің, әлеуметтік жеңілдіктердің және әлеуметтік мәртебенің болуы және тобы туралы деректер;

4.5.13. сурет (фото және видео), оның ішінде сандық;

4.5.14. Клиенттен алынған басқа өмірбаяндық мәліметтер және кез келген жеке мәліметтер.

  1. Клиенттердің дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәліметтер

5.1. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеу кезінде қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды немесе дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, дербес деректерді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін олардың қабылдануын қамтамасыз етеді.

5.2. Дербес деректерді өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пайдаланушы қолданатын шаралар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарланады және іске асырылады.

  1. Клиенттердің құқықтары

6.1. Клиенттің құқығы бар:

6.1.1. пайдаланылатын дербес деректерді беру туралы сұрау салуға;

6.1.2. егер Клиент өзінің дербес деректерінің өзгерістері және/немесе толықтырулары туралы Ақпаратты пайдаланушыны жазбаша хабардар еткеннен кейін толық емес, ескірген, дәл емес болып табылған жағдайда оның дербес деректерін нақтылауға (өзгертуге) ;

6.1.3. осы Келісімнің 2.2-тармағында көрсетілген пошта мекенжайы бойынша тиісті өтініші бар жазбаша хабарлама немесе info@redcrescent.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық хат жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға;

6.1.4. құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ақпаратты пайдаланушының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға шағым жасауға құқығы бар.

6.2. Клиенттің өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Ақпаратты пайдаланушыға жүгінуге құқығы бар.

  1. Қорытынды ережелер

7.1. Ақпаратты пайдаланушы мен Клиент арасындағы келісім мен қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

7.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта болып табылады. Осы Келісімге қосылу және дербес деректерді қағаз тасығышта өңдеуге келісімге қол қою немесе Клиенттің Сайтта немесе Сайттағы веб парақшаларда осы Келісімнің қабылданғаны туралы белгі қою фактісі осы Келісімнің мазмұнымен келісім ретінде қаралады және осы Келісімнің толық әрi бұлтарыссыз акцепт болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес). Осы Келісімнің ережелерін білмеу Клиентті оның шарттарын сақтамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

7.3. Ақпаратты пайдаланушы Клиентті алдын ала және (немесе) кейіннен хабардар етпестен, кез келген уақытта өз қалауы бойынша Келісімді өзгерту және (немесе) толықтыру құқығын өзіне қалдырады. Келісімнің қолданыстағы редакциясы Сайт интерфейсінде қолжетімді.

7.4. Осы Келісім Клиенттердің әрқайсысына қатысты Клиент Келісімнің 7.2-тармағында көрсетілген әрекеттерді жасаған сәттен бастап күшіне енеді және деректерді өңдеу тоқтатылған сәтке дейін не Ақпаратты пайдаланушының қызметі тоқтатылған сәтке дейін не Клиент дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.