Байерсдорф (Beiersdorf) компаниясының қолдауымен құрылған, көп балалы, толық емес және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардағы балаларға арналған білім беру орталығы Алматы кеңсесінде жұмыс істейді.
Балаларға арналған білім беру орталығының қызметі аз қамтылған отбасылардағы балаларды қосымша оқытуға, олардың шығармашылық дағдыларын дамытып, қабілеттерін анықтауға бағытталған. Орталық әлеуметтік коммуникация дағдыларын дамытуға көмек көрсетіп, балалардың өзіне және өз күшіне сеніммен қарауына жағдай жасайды. Орталықтың мақсатты аудиториясы: аз қамтылған отбасылардағы 8-ден 16 жасқа дейінгі балалар.
Оқыту барысында балалардың бойына ұқыптылық, еңбексүйгіштік, төзімділік және жақындарына көмектесе білу сияқты қасиеттер сіңіріледі.
Орталық бағдарламасына балаларға ағылшын және француз тілдерін, математиканы, шахмат ойнауды, компьютерлік сауаттылық пен өзге де дағдыларды үйрету енгізілген. Бұған қоса, балалар үшін қызықты әрі танымдық экскурсиялар ұйымдастырылады, сондай-ақ алғашқы көмек бойынша мазмұнды әрі тиімді тренингтер өткізіледі. Ата-аналарға консультативтік психологиялық көмек көрсетіледі.
Байерсдорф (Beiersdorf) компаниясы орталықты шығармашылық үйірмелерде тиімді сабақтар өткізуге қажетті барлық материалдармен жабдықтаған.
Балаларды Қазақстанның Қызыл Айының еріктілері және Байерсдорф (Beiersdorf) компаниясының қызметкерлері оқытады.
Байланыс деректері
Әлеуметтік көмек департаментінің директоры
Дана Бакиева
+7 (727) 236 76 23 (ішкі 721)