Құрметті достар, біз сіздермен жаңалықтармен бөлісуге асығамыз! Біз тағы да Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының алғашқы көмек көрсету жөніндегі жаһандық анықтамалық орталығының халықаралық аттестациясынан сәтті өттік. Бұл аттестаттау Қазақстанның Қызыл Айындағы алғашқы көмек бойынша тренингтер өткізудің бағдарламалары мен әдістемесі соңғы ұсынымдарға толық сәйкес келетіндігін көрсетеді және бізге ең заманауи әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, барлық тілек білдірушілерді алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде 20 мыңнан астам адам тренингтер мен мастер-класстарды қамтитын алғашқы көмек бойынша оқу іс-шараларымызды өткізеді.

 

Біздің тренингтер туралы толығырақ “Алғашқы көмек бойынша оқыту тренингтері” бөліміне өту арқылы біле аласыз