24 мамырда Ақтөбе филиалы “Восток” балалар жазғы лагері әкімшілігінің шақыруымен жазғы маусымда лагерьлерде жұмыс істеуге дайындалып жатқан тәрбиешілерге арналған семинар-тренинг өткізді. ҚР ҚҚA АФ қызметкерлері мен еріктілері өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық сессия өткізді және шұғыл жағдайларда ПП көрсету қағидаттарын оқытты.