25 мамырда “Қозғалыстың жас инспекторлары” жарысы өтті, онда біздің АЛМАТЫ ФИЛИАЛЫ іс-шараны бірлесіп ұйымдастырды.

Біздің қызметкерлер “жас санитарлар” тестін өткізіп, балалардың алғашқы көмек көрсету бойынша білімдерін тексерді.

Іс-шара соңында біз командаларды жарыстың сәтті аяқталуымен құттықтап, команданың әрбір мүшесіне сыйлықтар табыстадық.