Төтенше жағдайларда әрекет ету
Сіздердің көмектеріңіз төтенше жағдайларда жедел және тиімді әрекет етуге және бүкіл Қазақстан бойынша қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Төтенше жағдай кезінде халықтың ең осал және әлеуметтік қорғалмаған топтары көмек алады.
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету үшін халыққа көмек көрсетуге бар күш-жігерін салатын Апаттарда әрекет ету жөніндегі ұлттық команда (АӘҰК) жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдарында біздің АӘҰК көптеген төтенше жағдайларды жоюға қатысты, соның арқасында оның жұмыс тәжірибесі мол.
Төтенше жағдайлар министрлігімен ынтымақтастық бізге алғашқылардың бірі болып әрекет етуге кірісуге және мұны барынша тиімді етіп жасауға мүмкіндік береді.
2020 жылы біз
Біз қалай көмектесеміз
Табиғи апаттар кезінде көмек көрсету күш-жігерін қолдау
Қызыл Ай Қоғамы донорлардың ниеттерін құрметтейді және бағалайды, табиғи апаттар жағдайында көмек көрсетуге арналған барлық қайырымдылық қаражаты табиғи апаттардан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде қолданылады. Қызыл Ай Қоғамы шығындарды төмен деңгейде ұстайды және Қызыл Ай Қоғамы пайдаланған әр бір теңгенің орташа есеппен алғанда 90 тиыны мұқтаж жандарға күтім мен жайлылықты қамтамасыз етуге жұмсалады.
Байланыс деректері
ТЖ жөніндегі департамент директоры
Ольга Ким
+7 (727) 236 76 23 (ішкі 705)
o.kim@redcrescent.kz