Қазақстанның Азық-түлік банкі

Біздің қызметіміз жеткізушілер мен өндірушілерден азық-түлік өнімдерін жинау және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына беру арқылы көмек көрсетуге бағытталған.

Біздің миссиямыз

Біз аса мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы аштықпен күресеміз.

FoodBank қалай жұмыс істейді:

1 Азық-түлік өнімдер
2 Серіктестер
3 Тарату

2022 жылы

«FOODBANK Қазақстан» жобасының серіктестерінен – «Metro Cash & Carry» ЖШС, «PepsiCo» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС және «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС 25 тоннадан астам әртүрлі кеңсе тауарлары, тұрмыстық химия өнімдері және жаялықтар жеткізілді, жалпы сомасы 75 977 380 теңгені құрайтын 26 жеткізілім болды.

Алынған гуманитарлық көмек 9512 отбасына (47560 адам) көмек 50 ҮЕҰ-ға арқылы таратылды.

Сіздер жобаға қалай қолдау көрсете аласыздар

Foodbank біздің қолдаушыларымыздан, демеушілеріміз бен еріктілерден тұратын үлкен отбасынсыз қызметін жалғастыра алмас еді. Жобаға қалай қатыса алатындықтарыңызды төменнен оқып біліңіздер.

Жоба серіктесі болу

Foodbank аштықпен күресуде жергілікті және мемлекеттік деңгейлердегі әлеуметтік жауапты компаниялармен ынтымақтастыққа иек артады. Біз барлық серіктестерімізді шынайы бағалаймыз. Сіздердің ұйымдарыңыз біздің жұмысымызға әр түрлі тәсілдермен қолдау көрсете алады:

Біздің міндетіміз – мұқтаж жандардың барынша көп санына көбірек азық-түлік жеткізу, біздің серіктестеріміз Foodbank-тің осы бағыттағы жұмысын әрі қарай жалғастыруында маңызды рөл атқарады. Біз өнімдердің мол ассортиментін – темекі және алкоголь өнімдерінен басқа, супермаркетте сатып алуға болатын барлық өнімдерді қабылдаймыз.

Бізге елімізде қазіргі таңда орын алып отырған және артып келе жатқан азық-түлік көмегіне деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін барған сайын көбірек шығармашылық шешімдерді табу керек болады, ал бұл үшін бізге қаражат қажет. Сондықтан Foodbank-тің осы жұмысты жалғастыруы үшін серіктестеріміздің қаржылық қолдауы маңызды мәнге ие болады.
Сіздердің компанияларыңыз Қазақстанда аштықпен күресуге көмектесе алады ма? Біз сіздердің ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймыз. Бізге дәл қазір хабарласыңыздар.

Foodbank командасы үлкен емес, сол себепті біз мұқтаж жандарға тамақ жеткізуімізге көмектесу үшін өз уақыттарын бөлетін еріктілерге едәуір сенім артамыз. Егер сіздер ерікті болғыларыңыз келсе, біздің үйлестірушімізге хабарласыңыздар.

Біздің жобамызға қолдау көрсету себептері

FoodBank қызметі БҰҰ-ның кедейлікті жоюға, ғаламшарды қорғауға және барлық адамдар үшін өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған орнықты даму саласындағы 5 мақсатын жүзеге асырады.

1. Біз аштықпен күресеміз

Табысты даму үшін әр адамда қауіпсіз және құнарлы тағамның жеткілікті мөлшері болуы тиіс. Аштықтың нөлдік деңгейіндегі ел өз экономикасын, денсаулық қорғау, білім беру салаларын табысты дамытып, тең құқықтылық пен әлеуметтік дамуды қамтамасыз ете алады. Аштықтың нөлдік деңгейіне қол жеткізу барлық адамдар үшін жақсы болашақ құруда негіз қалаушы мәнге ие.

2. Біз орынды тұтыну мен өндіруді қолдаймыз

Елеулі азық-түлік көмегін көрсете отырып, Foodbank халықтың кедей және осал топтары арасында азық-түлік таратумен айналысатын қайырымдылық ұйымдарына көмектеседі.

3. Біз азық-түлік өнімдерінің қалдықтарын азайтамыз

Орнықты тұтыну мен өндіру болашақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік шығындарды азайтудың, сондай-ақ экономикалық бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің негізгі факторы болып табылады. Foodbank тамақ қалдықтарын және азық-түлік өнімдерінің ысырабын азайту мақсатында бүкіл жабдықтау тізбегі бойынша мүдделі тараптармен ынтымақтасу және азық-түлік өнімдерін үнемдеу шараларына қатысу арқылы үкіметтің осы мақсатқа қол жеткізуіне көмектесе отырып, аса маңызды роль атқарады.

4. Біз мұқтаж жандар үшін азық-түліктің қолжетімділігін арттырамыз

Теңсіздіктен арылу экономикалық өсуге септігін тигізеді және әлеуметтік ауызбіршілікке қол жеткізіп, саяси және әлеуметтік шиеленісті азайту үшін маңызды мәнге ие.

5. Біз көпжақты серіктестікті қолдаймыз

Foodbank үлгісі азық-түлік пен азық-түлік өнімдерін жеткізудің бүкіл тізбегі бойынша көптеген мүдделі тараптардың арасында серіктестік қатынастарды тудырады. Мұндай серіктестік қатысушыларды жұмылдырып, түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін білім, тәжірибе, технология және қаржылық ресурстармен алмасу мүмкіндігін береді.

Біздің серіктестеріміз

Бізге хабарласыңыздар

Әлеуметтік көмек департаментінің директоры

Дана Бакиева

Эл. пошта: d.bakieva@redcrescent.kz

Телефон: 8 (727) 236 76 23 (ішкі 721)

Мекенжайы: Алматы қ., Қонаев к-сі, 86