Қарағанды облыстық филиалының еріктілерін Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттарға ден қоюға дайындау

Бүгін сіздермен біздің филиалдарымыздың бірінің жаңалығымен бөліскіміз келеді. Қазақстанның Қызыл Ай Қарағанды облыстық филиалы Орталық Азияның Еуразия қорының “QOLDA” шұғыл көмек жобасын іске асыру аясында “Шеврон” компаниясымен серіктестікте аймақта волонтерлерді даярлау бойынша жұмысын жалғастыруда.

Шет ауданында-Ақсу-Аюлы к., Шопа к., Қызылқой к., Нұраталды к., Бұрма к. ТЖ бөлімінің, Шет ауданының жастар ресурстық орталығының және Ақсу – Аюлы к. агротехникалық колледжінің қолдауымен ТЖ және табиғи апаттарға ден қоюға дайындық бойынша Волонтерлер оқытылды.

Оқыту барысында еріктілердің мобильді командалары ықтимал қауіптерді бағалау бойынша Халықпен жұмыс істеу бойынша білім алды, олар тұратын аумақтар үшін тәуекел карталарын жасады. Оқытылған еріктілер ТЖ немесе табиғи апат кезінде тұрғынның рөлі мен орнын анықта, яғни ТЖ бойынша отбасылық жоспарларды құрастырды.

Инфобуклет тарату арқылы кез келген ТЖ, ҚК және COVID-19 кезінде мінез-құлықтық қауіп факторларының денсаулығы мен өміріне қолайсыз әсерін төмендету бойынша халықтың дағдылары мен икемдерін қалыптастыруға ерекше орын берілген.