Мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан-Байрам мерекесіне орай Қазақстанның Қызыл Айы түрік Қызыл Айындағы әріптестерімен бірге әлеуметтік осал топтағы адамдарға ет таратады.

Осылайша, 1000 аз қамтылған көпбалалы, толық емес отбасылар көмек алады. Әр отбасына 5 кг ет беріледі.

Көмек алушылар Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары болып табылады.

Қазақстанның Қызыл Айы мен Түрік Қызыл Айы бұрыннан келе жатқан серіктестер болып табылады, бұл осындай бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Түркия мен Сириядағы апатты жер сілкінісі кезеңінде Қазақстанның Қызыл Айы бей-жай қарамайтын азаматтардың қолдауының арқасында Түрік Қызыл Айына 107 млн теңгеден астам сомаға қаржылай көмек көрсетті, бұл жер сілкінісінің салдарын қалпына келтіру және азайту жөніндегі қызметті қолдайды.