21 ақпан 2023 ж., Астана қаласы.  Beeline Қазақстан Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған “Қазақстаның Қызыл Ай” ҚБ-мен бірлескен қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлайды.

Оператордың әр клиенті енді өз теңгерімінен «Қазақстаның Қызыл Ай» ҚБ шотына 10-нан 172500 теңгеге дейінгі кез келген соманы аудара алады. Қайырымдылықты *7777*қайырымдылық сомасы#қоңырау пәрменімен немесе *7777# қоңырау пәрменін теріп, ашылған терезеде қайырымдылық мөлшерін көрсетуге болады. Бұл пәрмендер қоңырау шалу жолында теріледі. Жиналған қаражат туралы есеп мына жерде жарияланады. Әрі қарай бұл қаражат “Түркияның Қызыл Ай” және “Сирияның Қызыл Ай” қорларына аударылады.

«Сирия мен Түркияда гуманитарлық көмекке деген мұқтаждық күн сайын артып келеді. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Біз әрбір клиентіміздің шетте қалмай, зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуіне мүмкіндік бергіміз келеді», – дейді Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның бірнеше провинциясында бірқатар жер сілкінісі болды. Anadolu агенттігінің деректеріне сүйенсек, Түркияда жер сілкінісінен 41 156 адам опат болған. Al Jazeera телеарнасы Сирияда 5,8 мыңнан астам адам қайтыс болғанын хабарлады

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан «Veon» халықаралық телекоммуникация холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

Қазақстан Астана қ.

Достық к., 16

Телефон +7 7273 500 600

www.beeline.kz