Біздің миссиямыз
Адами қасиеттерді құрметтей отырып, адамдарды олардың ұлты, нәсілі, жынысы, діни, саяси ұстанымдары, тілі, мүгедектік белгілері және әлеуметтік жағдайы, азаматтығы, жасы немесе осыған ұқсас кез келген себеп бойынша кемсітпестен, олардың азап шегуінің алдын алу және жеңілдету.
Қазақстанның Қызыл Айы – Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы аумағындағы ең ірі гуманитарлық ұйым.
0
0
0
0
Біздің қызметіміз?
Біздің ұйымымыз апаттар қаупін төмендету және ТЖ-ларға жауап қайтару, қоғамдық денсаулық, ерікті түрде өтеусіз негізде қан беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, соның ішінде босқындарға, мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолдау көрсету, отбасылық байланыстарды қалпына келтіру және еріктілік қызметін дамыту бағдарламаларының кең спектрін жүзеге асырады. Мәселен, еріктілер – біздің ең басты қозғаушы күшіміз: Қазақстанды қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 14 миллионға жуық ерікті Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Айдың гуманитарлық миссиясына қол жеткізуге бағасыз үлесін қосуда.
Қосымша сұрақтар қою:
- Жергілікті қалалық, облыстық филиалмен байланысу арқылы
- Ынтымақтастық мәселелері бойынша: Карина Тлепова k.tlepova@redcrescent.kz
- БАҚ-та жариялау бойынша: pr.redcrescent.kz
- Бас кеңсенің қабылдау бөлімі: +7 (727) 236 76 23
info@redcrescent.kz