Іздестіру қызметі

Отбасылық байланыстарды қалпына келтіру (ОБҚ) Қазақстанның Қызыл Айының ТЖ-ларға дайындалу және жауап қайтару қызметінің маңызды бөлігі саналады. ОБҚ шеңберінде бүкіл әлемдегі Қызыл Крест пен Қызыл Ай қоғамдары адамдарды іздестіріп, олардың тағдырын анықтауға көмектеседі.

2020 жылы

0
адамға Іздестіру қызметінің жұмысы туралы ақпараттар берілді
0
адамға заңгерлік кеңестер беріліп, Отанға оралу құжаттарын рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді
0
мигрантқа гигиеналық жинақтар түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді

Негізгі қызмет бағыттары

  • Туыстарды іздестіру, олардың тағдырын анықтау және отбасылық байланыстарды қалпына келтіру;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде байланыссыз кеткен азаматтық тұлғаларды іздестіру;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде із-түссіз кеткен немесе тұтқынға түскен әскери қызметкерлердің тағдырын анықтау;
  • Төтенше жағдайлар (ТЖ) нәтижесінде үзілген отбасылық байланыстарды Қызыл Крестің отбасылық жолдаулары арқылы қалпына келтіру;
  • Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ның батыс облыстарынан кеңес азаматтарын көшіру туралы мәліметтер беру.

Отбасылық байланыстарды қалпына келтірудің ең маңызды қағидаларының бірі – құпиялылық.
* Кеңес әскерінің әскери қызметкерлерінің тағдырына қатысты ақпараттарды іздестіру үшін, жүгінуші тұлға мына сайтта бастапқы тексеру әрекетін орындай алады: http://obd-memorial.ru
Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған туыстардың тағдырын анықтау.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шетелде мерт болған әскери қызметкерлердің қабірлерін іздестіру және олардың күйін анықтау.

Іздестіруді бастау негізі Қазақстанның Қызыл Айының Іздестіру қызметіне жазбаша өтінім беру болып табылады.
Қазақстан шегінен тыс адамдарды іздестіру үшін белгілі бір уақыт (әдетте кемінде бір жыл) қажет, оның ұзақтығы тиісті өтінімдер жіберілетін ұлттық қоғамға байланысты.

Бізге Қазақстан азаматтары Сирияда және Иракта жүрген туыстарын табу өтінішімен жиі жүгінеді. Өз кезегінде, Қазақстанның Қызыл Айы олардың Сирия мен Иракта жүрген туыстарына Қызыл Крест жолдауы (ҚКЖ) арқылы ақпараттар жеткізу қызметтерін ұсынады. ҚКЖ бланкісі билік өкілдері мен басқа тараптар оқуы мүмкін қолмен жазылған хат түрінде келеді. Стандарт бланк екі беттен тұрады: оның біріншісін хат жіберуші өз хатын жазу үшін, екіншісін тиісті адресат жауап қайтару үшін қолданады. ҚКЖ бланкісінің мазмұны мыналармен шектеледі:
– хат жіберушінің, сондай-ақ тиісті адресаттың жеке деректері мен толық мекенжайы (бұл ақпарат ҚКЖ мен оған берілген жауап мақсатты тағайындамасы бойынша сәтті жеткізілуі үшін қажет);
– тек отбасылық немесе жеке жаңалықтар.

Қызыл Крест жолдауын жіберу үшін өтінім беруші өз туыстарының нақты деректерін (аты-жөні және туған жылы) нақты білуі тиіс. Бұдан кейін өтінім беруші:
– ОБҚ бөлімінде тиісті сауалды толтырады, туысының мұндай жағдайға тап болу себебін сипаттайды, мүмкіндігінше өз туысының орналасқан жерін көрсетеді;
– келісу парағын толтырады, мұнда өзі және хатты алушы туралы жеке ақпараттың берілуін растайды;
– хатты алушының қолда бар фотосуретін қоса береді.
Бұдан кейін Қазақстанның Қызыл Айының ОБҚ бөлімі бұл хатты Халықаралық Қызыл Крест комитетіне жолдайды, сосын ол мүмкіндігінше хатты алушыға жеткізіледі.

Іздестіру критерийлері

Қазақстанның Қызыл Айы шетелдегі іздестіру жұмыстары бойынша тек ұлттық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қоғамдарымен ғана ынтымақтасады.
Қазақстанда іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін, шетелде тұратын азаматтар өздері тұратын елдің ұлттық Қызыл Крест немесе Қызыл Ай қоғамына жүгінулері керек.
Байланыс деректерін Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының Отбасылық байланыстар желісінің мына сайтынан табуға болады: www.familylinks.icrc.org.

Біз келесі жағдайларда өтінімдерді ҚАБЫЛДАМАЙМЫЗ:

  • егер өтінім беруші адам іздестірілетін адамның туысы болмаса;
  • биологиялық ата-аналар мен балаларды іздестіру бойынша;
  • мұраны алу, алимент төлеу, тұрғын үй проблемаларын шешу, генеалогиялық іздестіру мәселелеріне және т.б. байланысты іздестіру бойынша;
  • азаматтық жерлеу бойынша;
  • отбасылық жанжал жағдайында іздестіру бойынша;
  • туу, қайтыс болу, некелесу туралы куәліктерді, еңбек өтілін растайтын анықтамаларды және т.б. іздестіру бойынша.

Байланыс деректері

Отбасылық байланыстарды қалпына келтіру бағдарламасының үйлестірушісі

Маргарита Яценко

+7 (727) 236 76 23 (ішкі 708)

tracingservice@redcrescent.kz