В 2019 году
Человек прошли обучение на платных тренингах по навыкам оказания первой помощи.
Человек прошли обучение на тренингах по базовым навыкам оказания первой помощи.
Халыққа алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрету бүкіл әлемдегі Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Ай қозғалысының дәстүрлі қызмет түрі болып табылады. Қозғалыстың бір жарым ғасырлық тарихында дүние жүзі бойынша жүздеген миллион ерікті дүлей апаттар кезінде, қарулы қақтығыстар аймағында және адамдардың өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда адам өмірін құтқарумен айналысып келді.
Алғашқы көмек көрсету бойынша білім мен дағдылардың болуы өте маңызды, себебі оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шегуші адамның денсаулығы мен өмірінің тағдыры шешіледі.
Оқыту әдістері
Қызыл Ай ұсынған алғашқы көмек көрсету дағдылары жөніндегі тренинг – бұл бірегей интерактивті курс, оның барысында тыңдаушылар нұсқаушылардың жетекшілігімен қажетті теориялық дайындықтан өтумен қатар, заманауи манекендерді қолданып, сондай-ақ бір-біріне әртүрлі жағдайлардағы әрекеттер алгоритмдерін практика жүзінде орындайды.
Пайдалы кеңестер
Жүрек және/немесе тыныс алу тоқтаған жағдайда ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені
- 103 немесе 112 бойынша жедел медициналық көмекті шақырыңыз.
- Кеуде ортасын 30 рет басыңыз.
- Зардап шегушінің аузына 2 рет үрлеңіз.
- Басу мен үрлеуді үздіксіз жалғастырыңыз.
- Жедел медициналық жәрдем келгенге дейін жағдайды бақылаңыз.
Жетістік тарихы
Beeline компаниясының қызметкерлері 2017 жылдың 14 қазанында алғашқы көмек көрсету бойынша FAT2017 жарысына дайындалу шеңберінде алғашқы көмек жөніндегі тренингтен өтті.
Тренингтен өткеннен кейін бір аптадан соң олардың кеңсесінде шұғыл жағдай орын алады: әріптестерінің бірінің жүрегі тоқтап қалады. Мұндай сәттерде әр секунд маңызды. Адамның өмірін сақтап қалу үшін қалай дұрыс әрі уақытылы алғашқы көмек көрсетуге болатынын білу керек.
Сізді төменде Beeline компаниясының үш қызметкері, атап айтқанда Надежда Викторовна Какушаның, Сергей Валерьевич Дунаевтың және Мұрат Әлжанұлы Жұматаевтың сол оқиға туралы айтқан сөздерімен таныстырғымыз келеді.
«Адамның қиналып жатқанын көрген бойда, дереу реанимациялық іс-шараларды орындай бастадық… Бізде не істеу керектігі туралы түсінік бар еді. Басында дүрлігіп, үрейленбедік, мұның барлығы кейіннен келді… Сергей жүрекке тікелей емес массаж жасады, ал Надежда Викторовна жасанды тыныс алдырды. Қалғанымыз қасында тұрып, барлығын бақылаумен болдық… Кейіннен мен әріптесімізбен бірге ауруханаға барып, оның туыстарымен сөйлестім… Біздің ұжымымыздың әлемде ең жақсы ұжым екенін тағы бір рет атап өткім келеді. Қазір қымбатты әріптесіміз оңалту кезеңінен өтуде және жақын арада оның жүрегіне ота жасалады».
«Шындығын айтқанда, алғашқы көмек бойынша өткен тренингтен кейін Құдай мені мұндай жағдайлардан сақтайды деп ойлайтынмын… Бұл оқиға орын алған кезде Сергей көршілес кабинетте, мен өз кабинетімде едім. Әріптесіміз іргелес бөлмеде отырған. Қорылдаған дауыс естідік. Түскі үзіліс уақыты болғандықтан, адам жақсы тамақтанғаннан кейін біраз мызғып алғысы келген шығар деп ойладық. Бірақ қорыл әдеттен тыс бола бастаған кезде, Марат Жұматаев бірінші болып дабыл қақты. Ол жүгіріп келіп, адамды сілкіп, атын атай бастады. Жауап бермеген әріптесінің қиын жағдайда екенін айқайлап айтқан соң, барлығымыз жүгіріп келдік. Шындығын айтсам, ең басында барлығымыз абыржи бастадық. Бұл жерде шындықты айту керек. Сосын, әйтеуір, ой эмоцияны жеңіп, арамызда дәрігер бар ма деп айқайладық… Біреу жедел жәрдемге қоңырау шала бастады. Адамның жүрек ырғағын тыңдап, тынысын тексерген кезде, ол көгере бастады.
Ырғақ та, тыныс та болмады.
Осы сәтте оған алғашқы көмек көрсету туралы шешім қабылдадық… таңдау оңайға соқпады. «Ештеңе істемегеннен гөрі көмек көрсеткен дұрысырақ» деген ой келді. Осы орайда қасымызда болғандардың барлығына алғыс білдіремін. Бұл жерде белгілі бір адамдарды батыр деп атауға келмейтіні анық, себебі сол сәтте ұйымдасқан команда әрекет етті… Біреуі жасанды тыныс алдырып жатты, біреуі жүрекке тікелей емес уқалау шарасын қолданып жатты… Турасын айтқанда, біз оны дәрігер қасымызда болған кездің өзінде де жібермедік. Істеп жатқан әрекетімізді одан ары жалғастыру қажет деп ойладық, себебі ОЛ БІЗБЕН БІРГЕ БОЛУЫ ТИІС… Бұл секундтар біз үшін бірнеше сағатқа созылғандай болды. Рөлдерімізді ауыстыруға тырысып, бір-бірімізді алмастырып отырдық. Жедел жәрдем келіп, адамның тыныс алғанын айтқан кезде ғана көңіліміз жай тапқандай болды. Бұл біз үшін осы жылдың ең үздік жетістігі болған шығар».
«Қорылдың әдеттен тыс екенін түсінген кезде, Мұрат екеуіміз жүгіріп шығып, әріптесімізді еденге жатқыздық.
Мұның барлығын автоматты түрде істедік. Мен оны тегіс бетке жатқызып, үстіңгі түймесін ағыту қажет екенін нақты білдім… Барлығы осы сәтте жедел жәрдемге қоңырау шалуға жүгірді. Сосын шешім қабылдадық. Бұл ретте ешкім «олай істейік, былай істейік» деп айтпады, барлығымыз өз бетімізше көмек көрсете бастадық. Мен тіпті мұның қанша уақытқа созылғанын да білмеймін, барлығымыз уақыттан жаңылып қалдық. Әрбіріміз қолымыздан келгенді жасап жаттық, бір кезде ол тыныс ала бастады. Бізге бұл шын еместей болып көрінді. Әріптесіміз біз оған үрлеген ауамен тыныстады. Артынан ырғақ пайда болды.
Осы сәтте жедел жәрдем келді. Олар бізге «оны құтқарып қалдыңдар» деді…
Оқыту бағдарламасы
Біздің жаттықтырушыларымыз
Ләззат Ибрагимова
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ ШЕБЕР-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Қала: Алматы
Назира Мәдиева
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ ШЕБЕР-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Қала: Нұр-Сұлтан
Роман Чурилов
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ
Қала: Алматы
Қасенова Шолпан
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ
Қала: Өскемен
Ақылбек Маужанов
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Қала: Шымкент
Ералхан Дияров
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ
Қала: Ақтөбе
Әлия Қорабаева
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ
Қала: Талдықорған
Сын-пікірлер
“Алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеру — мамандығына қарамастан, өзін-өзі құрметтейтін әрбір адамның борышы»
“Осы тренингке дейін мен алғашқы көмекті дұрыс көрсете алатыныма сенімді болдым. Менің білімімнің 50% – ы қауесет пен алыпсатарлыққа негізделген қате екендігі белгілі болды»
Сыйлық сертификаты
Алғашқы көмек бойынша тренингтен өтуге арналған сыйлық сертификатын сатып алуыңызға болады. Өтінім қалдыру